
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы ендi тәулiк бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретiн call-орталық қызметкерлерi бұдан былай атаулы әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келiп түсетiн хаттарға да жауап бередi.
«Бүгiнде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келiп түседi. Азаматтар демалыс және мереке күндерi де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан берi 22 мың қоңырау келiп түссе, олардың басым бөлiгi зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтiк көмек мәселелерiн қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтiк қызметтердi рәсiмдеуге қажет құжаттар тiзiмiн де алдын ала бiлiп отыра алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.
1411 бiрыңғай қысқа нөмiрiне тегiн қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесi мәселелерге қатысты жауап алуға болады:
Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесiне қатысты негiзгi сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да бiлуге болады.