Меню

Страницы

Статья

Қарқынды өсім: көлік иелері автоХҚО орнына онлайн қызметтерді таңдайды

Автокөлiк құжаттарын электронды түрде рәсiмдеген қазақстандықтар саны күрт өстi. Электронды үкiмет порталы арқылы көлiгiн тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстырған жүргiзушiлер онлайн жүйенiң тиiмдi әрi пайдалану жеңiл екенiн айтады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының статистикалық деректерiне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдiспен рәсiмделген жүргiзушi куәлiктерiнiң саны бiрден 8 есе, ал қайта тiркеуге қойылған автокөлiктер саны 20 есе артқан.

Мысалы, 2018 жылы жүргiзушi куәлiгiн онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсiмдесе, былтырғы жылы жүргiзушi куәлiгiн электронды өтiнiш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлiктi қайта тiркеуге қою қызметтерiнiң көрсеткiшi де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткiш тек 5 мыңды құраған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгiнде қазақстандықтардың денi ХҚО-ға бармай-ақ, қызметтi өз бетiнше алуды қалайды. «Қызметтердi онлайн алу — бүгiнде өзiндiк трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлiк қызметтерiне сұраныс бiлдiрiп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтердi мамандандырылған ХҚО-дан гөрi электронды үкiмет порталынан жиi ала бастады», — дейдi басқарма төрайымы.

Көлiгiн онлайн түрде тiркеген тұрғынның бiрi — қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлiктi сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлiктi электронды үкiмет порталы арқылы рәсiмдеу — жол мәселесiн шешiп, автоХҚО кезегiнде тұрмаудың таптырмас тәсiлiне айналды.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы