Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг, 5 балаға — 53 127 тг, 6 балаға — 63 757 тг, 7 және одан көп балаға — 74 388 тг.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы