Меню

Страницы

Статья

БҰҰ сарапшысы – Мақтанарлық дүниелеріңіз бар, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге болады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының промо-ХҚО-сы мен ахуалдық орталығында болған халықаралық сарапшы, БҰҰ электрондық үкiмет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо мәлiмдедi.

«Сiздiң цифрлық үкiметiңiз — мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгi етуге болады, тiптi өзге елдер үшiн Қазақстанда цифрлық саясаттың қалай жасалып жатқаны және қызметтердiң қалай ұсынылатыны жайлы турлар ұйымдастыруға болады. Цифрлық қызметтердiң дамуы туралы айта келе, Қазақстан — болашағы зор ел деп айта аламын», — дедi халықаралық сарапшы.

Мемлекеттiк корпорацияның Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкiметтiң жұмысын таныстыру барысында Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру және оңтайландыру үрдiсi туралы айтып бердi.

Винченсо мырза, сондай-ақ қазақстандықтардың мемлекеттiк қызметтердi ХҚО және оның онлайн баламасы — egov.kz порталы арқылы қалай алатынын бiлдi. Қонақ мемлекеттiк корпорацияның қызметiне жоғары баға берiп, Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету моделiн басқа елдерге де пайдалануға болатынын атап өттi.

Акуаро Винченсо, сондай-ақ Қазақстан e-үкiмет рейтингiсiнде жоғары позицияға ие болғанын және цифрлық үкiмет пен инновациялар бойынша әлемдегi көшбасшылардың бiрi болуға лайық екенiн атап өттi.

Айта кетейiк, мәртебелi қонақ Қазақстанға Алматы қаласында өтiп жатқан Digital Almaty2020 форумы аясында келдi. Шара барысында жасанды интеллект ролi, цифрлық трансформация мен бiлiм саласындағы iлкiмдi технологиялар сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы