Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?

2019 жылдан бастап өзiн өзi жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын бiрiңғай жиынтық төлемiн (БЖТ) төлеуi тиiс.

БЖТ төлемiнiң ай сайынғы мөлшерi қала тұрғындары үшiн — 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшiн — 0,5 АЕК.

БЖТ кiм төлейдi?

Өзiн өзi жұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлеушiлерi болып танылады және олар келесi шарттарға сәйкес келу қажет: бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген; жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайды; акцизделетiн өнiмдердi қоспағанда, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетедi және (немесе) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетiн өнiмдi қоспағанда, өз өндiрiсiнiң жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзедi.

Бұл ретте, БЖТ төлеушiлерi табысының мөлшерi жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиiс.

БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?

БЖТ-нi табыс алынған әр ай үшiн жеке-жеке төлеу қажет.

Сондай-ақ келесi айларға аванс төлеу мүмкiндiгi бар.

БЖТ-нi Қазақстанның кез келген банкi кассаларында, олардың мобильдi қосымшаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төлеуге болады. Ол үшiн өзiнiң жеке куәлiгiн көрсетiп, «183» ТТК бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ банктiк шотына төлем жүргiзу қажет.

БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлiнедi?

Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ келесi пропорцияда бөледi:

  • 10% — жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА);
  • 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу: мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болуға; зейнетақы жинақтарын жүргiзуге мүмкiндiк және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi; еңбек ету қабiлетiнен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейiнгi бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер алуға мүмкiндiк бередi. #оқы_тоқы.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы