Егер Сiз бала асырап алуға тiлек бiлдiрушi Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшiн өтiнiшпен бiрге тиiстi құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкiмет порталында көрсетiледi.
Ол үшiн:
- Порталда авторизациядан өтiп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
Өтiнiмдi толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтiнiмге құжаттарды бекiтесiз. Құжаттар тiзiмi:
- жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келiсiмi;
- жиынтық табыс мөлшерi туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсiптiк қызметтегi табысы және бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң өзге де табыстары туралы анықтама);
- отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi, балалары болса, туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмесi);
- азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрмауы туралы анықтама;
- тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтiн құжаттардың көшiрмесi (тұрғын үй мүлiкке құқығы жоқ жағдайда);
Жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiне 10 жұмыс күнi iшiнде үмiткер болу мүмкiн/мүмкiн емес деп қорытынды хабарлама келедi.
