
Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкiмдiгiнiң жанындағы төтенше жағдай тәртiбiн қамтамасыз етi жөнiндегi штаб шешiмiмен 4 мамырдан бастап осы аймақтарда ХҚО-лар қайтадан жұмыс iстей бастайды.
Алайда вирустың таралу қаупi мен қазақстандықтардың өмiрi мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды.
Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
- Ендi қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.
- ХҚО-ға бару үшiн 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетiлмейдi.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетiмдi барлық мемлекеттiк қызметтiң 80%-дан астамын тек өздiгiнен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкiмдiктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтердi жылдам әрi ыңғайлы алу үшiн азаматтар 1414 нөмiрiне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретiн болады.
Айта кету керек, карантин жарияланғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдiк қосымшасы арқылы өз бетiнше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтi алған.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус пандемиясы көптеген процесте, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету iсiнде де өзгерiстердiң қажет екенiн көрсеттi. «Жаңа ережелердiң пайда болуы заңды. Бiр-бiрiмiздi қорғау үшiн бiз ХҚО жұмыс форматын өзгертуге мәжбүрмiз. Бiздiң екi мыңнан астам қызметкерiмiз сiзге 1414 байланыс орталығы және виртуалды ассистенттiң бейнеқоңырауы арқылы азаматтарға электрондық қызметтердi қашықтан алуға көмектеседi», — деп қорытындылады Балташева.
Ол сондай-ақ, аталған өзгерiстердiң Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы ХҚО жұмысын қамтитынын атап өттi. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.
ХҚО-ға кезектi 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.
2020 жылғы 4 мамырда жұмысын қайта бастайтын ХҚО тiзiмi: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/?edit_off