Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО-лары өз жұмысын бастайды

18 мамырдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын жаңа форматта бастайды.

Азаматтардың ыңғайлығы үшiн, сондай-ақ вирустың таралу қаупi алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды.Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

ХҚО-ға бару үшiн egov.kz сайтындағы арнайы сервис немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi.

Солтүстiкқазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.

Халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнде құжаттарды қабылдау тек мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң электрондық форматына ауыстырылмаған мемлекеттiк қызметтер бойынша, электронды кезекке алдын-ала брондау арқылы қабылданады, қазiргi уақытта бұл шамамен 97 қызмет түрi.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын дамыту мақсатында мемлекеттiк қызметтердi алу дербес, онлайн режимiнде, Қазақстан Республикасы Электрондық үкiметiнiң egov.kz веб-сайты арқылы жүзеге асырылады, бұл мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамын құрайды. Көптеген қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдi қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-бот және Facebook пен Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы қолжетiмдi.

Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде кезектердi болдырмау үшiн қызмет алушыларды белгiленген уақытта келудi сұраймыз, егер кешiккен жағдайда брондау тiртiбiн қайта өту қажет болады. Брондауды тек ЖСН берiлген азамат пайдалана алатындығын атап өту қажет.

Онлайн қызметтердi өз бетiнше алу қиындықтар пайда болған жағдайда, азаматтар 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, байланыс орталығының операторларымен кеңесе алады.

Қызмет алушылар өздiгiнен мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарын барлық мемлекеттiк органдарда, медициналық және оқу ұйымдарында, ойын-сауық орталықтарында және банктерде, «Ашық әкiмдiк» аналогиясы бойынша орналастыру мәселесi пысықталуда.

Сондай-ақ, аталған өзгерiстер тек Петропавл қаласының ХҚО-ларының, сондай-ақ автокөлiктi тiркеу бойынша мамандандырылған бөлiмнiң жұмысын қамтитын болады. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.

ХҚО-ға кезектi төмендегi сiлтеме бойынша брондауға болады: https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/0// және 1414 нөмiрi бойынша.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы