Меню

Страницы

Статья

ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейiнгi көп сұратылған мемлекеттiк қызметтердiң рейтингiн жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейiн көбiне жеке куәлiк пен паспорт алу үшiн жүгiнген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екiншi орында автокөлiктi қайта тiркеу қызметi. Мамырда автомобиль иелерi Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлiктi қайта тiркеген.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлiк иелерi де күттi. Азаматтар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметi үшiн ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгiнген.

Төртiншi орында жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және беру қызметi. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсiмделген.

Карантиннен кейiнгi сұранысқа ие бесiншi қызмет — әлеуметтiк қауiп-қатер жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау қызметi. Бұл негiзiнен жүктiлiк және босануға байланысты берiлетiн төлем. Оны 20 мыңнан астам жүктi әйел алған.

Азаматтарға арналған үкiметтiң алдын ала мәлiметтерi бойынша мамыр айында ХҚО арқылы 645 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет алынған. Бұл жерде ХҚО-лардың әр уақытта ашылғанын ескеру керек. Мәселен, Қарағанды ​​облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.

Естерiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай режимi алынып тасталғаннан кейiн ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшiн ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi (106 мемлекеттiк қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезектi еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы