Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысында сегіз жүзден аса Egov бұрышы жұмыс істейді

Солтүстiк Қазақстан облысында мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу ретiн барынша ыңғайлы қылу үшiн ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетiнше қызмет алуға болатын сегiз жүзден аса, оның iшiнде 123-i Петропавл қаласында egov бұрыштары жұмыс iстейдi. Онда компьютерi немесе интернетке қосылу мүмкiндiгi жоқ солтүстiкқазақстандықтар электрондық үкiмет порталында қолжетiмдi қызметтердi өздiгiнен ала алады. Бұрыштар облыс әкiмдiктерi, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалның директоры Еркiн Жұмабайдың айтуынша, пандемия жағдайында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмаудың және вирус жұқтыру ықтималдығын азайтуға мүмкiндiк беретiн бiрқатар нақты шара қабылдады. «Облыс тұрғындары ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, «қағаз» жүзiндегi қызметтердi ғана ала алады. Бұл 100 аса мемлекеттiк қызмет, оларды алу үшiн ХҚО-ға бару қажет. Сондай-ақ ХҚО-дан egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсiмделген қызметтердiң дайын нәтижесiн алуға болады» — дедi Жұмабай.

Айта кету керек, қазiргi уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшiнiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильдi базасында тiркелуге болады. Егер портал қызметi бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясы қызметкерлерiнiң кеңесiн ала алады.

Айта кетейiк, азаматтардың келесi үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиiс.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы