Меню

Страницы

Статья

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Құрметтi оқырман, мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгi Egov.kz порталы арқылы көрсетiлетiнiн бiлерсiз. Ал олардың негiзгi бөлiгiн растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгiнгi тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.

Egov.kz порталына кiрiңiз;

Басты беттегi ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;

Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етiңiз;

ЭЦҚ түрiн таңдаңыз да ЖСН нөмiрiңiздi терiп, қызметке тапсырыс берiңiз;

Жеке басыңызды растайтын құжат түрiн таңдаңыз;

Телефоныңыздың нөмiрi мен SMS кодты терiңiз;

Бейне сәйкестендiру сiлтемесiне өтiңiз де, камераға қараңыз;

Жеке кабинетiңiзге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтiңiз;

Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсiру» арқылы порталға енгiзiңiз;

Құжат жүтелген соң, жеке кабинетiңiз үшiн енгiзген жасырын сөздi терiп, оған кiрiңiз;

Өтiнiштiң электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

Кiлттi сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетiп өтiнiштi жiберiңiз;

Соңғы беттен өтiнiштiң статусын көре аласыз;

Кiлт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгiзiңiз;

Сертификатты жүктеңiз.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы