1 шiлдеде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлгенiне тура бiр жыл толады. Осы уақыт iшiнде Мемлекеттiк корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркедi. Барлығы Азаматтарға арналған үкiметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берiлген.
Коммерциялық емес ұйымдарды тiркеу Әдiлет министрлiгiнiң құзырында қалды.
Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тiркеу тiркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкiмет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тiркелген ЖШС саны жоқ.
Заңды тұлғаларды тiркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетiлген — 33 мыңнан астам заңды тұлғалар тiркелген. Екiншi орында Нұр-сұлтан. Мұнда бiр жыл iшiнде 24 мыңнан астам тiркеу жүргiзiлдi. Үшiншi орында Қарағанды облысы — заңды тұлғаларды тiркеу желiсi бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетiлген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.
Коммерциялық заңды тұлғаларды тiркеу саласында мемлекеттiк қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттiк корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсендi жұмыс жүргiзуде.
Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiмет» бастамасымен «Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң толықтырылды.
Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзiмi үш жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн, бизнестi қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысты тiркеу рәсiмдерiн жүзеге асыру мерзiмi он жұмыс күнiнен беске дейiн қысқартылды.
Сондай-ақ, басшының, қызметтiң негiзгi түрiнiң және т. б. өзгеруi сияқты заңды тұлғалардың деректерiн өзгертудi автоматтандыру мәселесi пысықталуда.