Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар тұрғылықты жер бойынша онлайн жиі тіркеле бастады

Жыл басынан берi 1,2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жерi бойынша электронды үкiмет порталы арқылы тiркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тiркелудi жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тiркеу» қызметiне сұраныс екi есеге жуық өскенi байқалады.

Өткен жылдың сәйкес мерзiмi iшiнде көрсеткiш түбегейлi басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тiркеу электрондық үкiмет порталында жүзеге асқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуi COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты. «Пандемия электронды қызметтердiң дамуына үлкен серпiн бердi. Егер бұрын үлкенi де, кiшiсi де қарапайым анықтамалар үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретiн болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше онлайн түрде ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қызмет алуға келетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi ретiнде бұл бiздi өте қуантып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделi қызметтердi ұсыну мүмкiндiгi жасалуда», — дедi Балташева.

Egov.kz электронды үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу үшiн өтiнiш берушiнiң және жылжымайтын мүлiк иесiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тiркелушi азамат өтiнiш жасап, мүлiк иесi оны растауы қажет. Тұрғындарды тiркеу қызметiн «Азаматтық, миграция және иммиграция» — «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» бөлiмiнен табуға болады.

Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу қызметiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметкерлерi жүзеге асырады бастады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесiне сәйкес тiркеу қызметтерiн ұсынуға мүмкiндiк бердi, яғни таңғы 9.00-ден кешкi 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, сондай-ақ көшi-қон полициясының деректер базасына тiркеу мүмкiндiгi бар қызметкерлердiң санын көбейтiп, осы қызмет түрiне кезектi азайтты.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы