Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттiк қызмет онлайн режимге ауыстырылды.

Ендi «Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегiмен жобаланып отырған жер учаскесiн келiсу», «Жер учаскесiне актiлер дайындау және беру», «Жер учаскесiнiң сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттiк қызметтер egov.kz электронды үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi болады.

Қазiргi таңда барлық қажеттi нормативтiк-құқықтық актi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлiп, қызметтер egov.kz порталында тестiлеуден өтiп жатыр. Нормативтi актiлер күшiне енгеннен кейiн кез келген азамат бұл қызметтердi онлайн түрде сұрата алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтердi алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленiп келген. «Жер бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң көп бөлiгi тек қағаз түрiнде және қызмет алушының мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне тiкелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуiрiнде тұрғылықты жерге байланып, қызметтiң нәтижесiн бiрнеше күн, тiптi бiрнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан бiз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердiң көрсетiлу мерзiмiн қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкiндiгi оларды тұрғылықты жерiне қарамастан әлемнiң кез келген жерiнде отырып алуға жол ашады. Басты талап — электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы», — дедi Саданов.

Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәлiметтерiмен жобаланатын жер учаскесiн келiсу мерзiмi 15 күнтiзбелiк күн болса, қазiр ол 7 жұмыс күнiне дейiн, ал жеке сәйкестендiру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнiнен 4 күнге дейiн қысқарды. Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру мерзiмi 3 жұмыс күнiнен 15 минутқа дейiн қысқарды. Барлық бес қызмет бойынша да солай.

Айта кетейiк, жаңа қызметтер egov.kz порталының «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiндегi «Жер қатынастары» тармағында қолжетiмдi болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнес-процестердi мүмкiндiгiнше цифрландыруды тапсырған болатын.

Анықтама:

Биылғы жылдың 9 айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы жер учаскесiне 205 мыңнан астам акт, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша 17 мың қызмет, мемлекеттiк жер кадастрынан 4 мыңға жуық ақпарат, жердiң сапасы туралы жарты мыңға жуық ақпарат берiлдi. Сондай-ақ шамамен 52 мың жер учаскесi келiсiлдi.

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы