
Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.
ХҚО арқылы:
ХҚО-ға кезектi алдын-ала брондаңыз;
Тiркеу бөлiмiне белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте келiп, броныңызды растап, жеңiлдiк терезесiне талон алыңыз;
Операторға қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы қызметтi 15 минутта рәсiмдеңiз.
Мобильдi топты шақырту арқылы:
«1414» бiрыңғай байланыс орталығына мобильдi топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сiзбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн iшiнде сiздiң мекенжайыңызға келiп, құжаттарды рәсiмдейдi.
Сiзге қажеттi құжаттар:
Жеке басыңыздың куәлiгi;
Егер сенiмдi өкiлiңiз келген болса, оның сенiмхаты (нотариалды растау қажет емес);
Медициналық оңалту бағдарламасы жөнiнде анықтама;
Мүгедектiгi жайлы куәлiк;
Егер ҰОС ардагерi немесе соған теңестiрiлген азамат болса, ол туралы куәлiк;
Егер әрекетке қабiлетсiз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкiлi құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күндi есепке алмағанда, 10 жұмыс күнi iшiнде.
Қызмет нәтижесi:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берiлуi жайлы шешiмдi ХҚО-дан аласыз.
Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасынан берiледi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi