Меню

Страницы

Статья

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тiркеу есебiнен, баспана қожайыны ретiнде, кез-келген адамды тiркеуден шығара алатыныңызды бiлесiз бе? Бүгiн бiз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екi жолын көрсететiн боламыз.

Бiрiншiсi Egov.kz порталы арқылы:

Порталға кiрiңiз;

Iздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» қызметiн табыңыз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Портал сұратқан мекенжай туралы мәлiметтердi толтырыңыз;

Портал тiркелген азаматтар тiзiмiн шығарады. Қажеттi азаматты «алып тастау» батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;

ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Тұрғын үйдiң ортақ иелерi болса, олар өз тарапынан жеке кабинетiнде келiсiмiн беруi қажет;

Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден бiлесiз.

Ескерту, өтiнiш берушi мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуы қажет.

Екiншiсi ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезектi алдын ала брондаңыз;

Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн беру ақылы қызметке өтiнiш берiңiз;

Қызмет нәтижесi 5 минутта дайын болады.

Ескерту, ХҚО арқылы рәсiмдеген кезде тiркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн алдын ала бiлгенiңiз абзал. Бiлмесеңiз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетiңiзден тiркелгендер тiзiмiн тексеру арқылы бiлуге болады.

Iске сәт. Қызметтердi үйде отырып, онлайн рәсiмдеңiз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы