Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан берi ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берiлген

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсiмдеушiлер саны қаңтар айында күрт өстi. Жыл басынан берi халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсiмдеген, бұл көрсеткiш желтоқсан айымен салыстырғанда 30% көп.

Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттiк қызметкерлердiң декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсiмдеушiлер арасында Алматы, Түркiстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис — Алматыда 27 мың болса, қалған екеуiнде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсiмдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында — не бары 7 мың.

Мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Әдiл Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсiмдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажетi жоқ. «Бiз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгiнде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бiрнеше минуттың iшiнде рәсiмдеуге болады»,– дейдi Әдiл Кожихов.

Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкiмет ЭЦҚ кiлттерiн уақытылы жаңартып отыруды ескертедi. Бiр жылға берiлетiн электронды қолтаңбаның мерзiмi аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесiне ескертпе-смс келедi. Азаматтар кiлттердiң жарамдылық мерзiмiн Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бiр жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшiн ХҚО-ға барудың қажеттiлiгiн жояды.

Айта кетейiк, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеу мүмкiндiгi 2020 жылғы сәуiр айынан берi бар. Ол үшiн камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлiк және мобильдi азаматтар базасында тiркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәлiметтерi мен бет-әлпетiн сәйкестiргеннен кейiн жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы