
Бүгiн #oqy&toqy айдарында ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.
• Еgov.kz арқылы:
Порталға кiрiңiз, порталдың «Бизнеске», «Бизнестi тiркеу және дамыту», «Бизнестi тiркеу және жою» тармақтарына өтiп, «Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиал мен өкiлдiктi есептiк тiркеуден шығару» қызметiне онлайн тапсырыс берiңiз.
Портал талап екен деректердi толтырып, қажеттi құжаттарды тiркеп, ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз.
Есiңiзде болсын:
Порталға жүктелетiн құжаттардың скан көшiрмелерiн алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.
Бұл қызметтi жүзеге асыру үшiн порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кiру керек.
• ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:
Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз.
ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берiңiз.
Қажеттi құжаттар тiзiмi (портал үшiн де, ХҚО үшiн де)
меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылар жиналысының мөрiмен бекiтiлген шешiмi;
ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшiрмесi;
ЖШС-ның мөрiн жойған ұйымның анықтамасы;
Акцияларды шығарудың күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң хабарламасы (акционерлiк қоғамдар үшiн);
Филиал және өкiлдiктi есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтiнiш және ереже;
Қызмет құны төленгенi жайлы түбiртек.
Қызмет құны:
Iрi бизнес субъектiлерi үшiн — 18382 тг;
Шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн — тегiн.
Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнiн құрайды.
Ескерту:
Бұл қызметке өтiнiш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.
ҚҚС бойынша тiркелмеген, белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi үшiн арнайы режимдi қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгiзiлмеген ЖШС-лар жеңiлдетiлген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының бақылау үстелiнен өткiзумен шектеле алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi