Бұрын автокөлiктi тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкiмет порталында тiркеу мүмкiн болатын. Ендi мемлекеттiк қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимiнде қол жетiмдi.
Қосымшада автомобильдi қайта ресiмдеу "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде жасалуы мүмкiн, онда сатушы, Сатып алушы үшiн жеке қосымшалар бар. Қызметтi пайдалану үшiн ЭЦҚ қажет емес. Құжаттарға Kaspi арнайы электрондық қолтаңбасы қойылады.
«Ендi сатушы автомобильдi қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлiк құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектерiне автоматты түрде тексеру жүргiзедi. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бiрден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшiн ақша аударады, баж салығын төлейдi, автокөлiктi есепке қояды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi онлайн таңдайды», — деп түсiндiрдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалында.
Жаңа сервистi пайдалана отырып, автокөлiктi сатып алушы мен сатушы мемлекеттiк органдарға жүгiнбей, өз бетiнше рәсiмнен өте алады. Онлайн мәмiле аяқталғаннан кейiн құжаттарды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi "Электрондық үкiмет" порталындағы үйге жеткiзуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетiнше алуға болады.
Жақын арада осындай қызметтер басқа банктерде пайда болады деп күтiлуде.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi