Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргібайұлы Ақсақаловтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттың келісімімен Шал ақын ауданының әкімі болып Рахат Назымбекұлы Смағұлов тағайындалды.
Рахат Назымбекұлы, 1982 жылы, Омбы облысы, Исилькөл ауданы, Қасқат ауылында дүниеге келген.
Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Омбы облысы, Исилькөл ауданы, Қасқат ауылы, Қасқат ауылдық әкімшілігінің II санатты маманы болып бастаған.
2005 жылдан 2006 жылға дейін ҚР АШМ Аққайың аудандық аумақтық басқармасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маман - мемлекеттік инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайын ауданы, Смирново ауылы.
2006 жылдың сәуір айынан 2006 жылдың желтоқсан айына дейін - ҚР АШМ Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы.
2006 жылдан 2007 жылға дейін - Солтүстік қазақстан облысы Шал ақын ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің субсидияларды ресімдеу жөніндегі бас маманы.
2007 жылдан 2008 жылға дейін-Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Сергеевка қ., Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы.
2008 жылдан 2009 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
2009 жылдың маусым айынан 2009 жылдың тамыз айына дейін - Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары.
2009 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары.
2019 ж. қазан айынан 2019 ж. қараша айына дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция басқармасының бас сарапшысы, Нұр-сұлтан.
2019 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ҚР АШМ АӨК МИК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.