Меню

Страницы

Статья

Шайкин Есім Шайкенұлы

(1926-2002)

Шайкин Есім Шайкенұлы 1926 жылы 10 наурызда Солтүстік қазақстан облысы Преснов ауданы (қазіргі Жамбылауданы) Үлгі ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анасы байларға қызмет еткен. 1942 жылы Есім Шайкенұлы Николаев орта мектебін бітіріп, колхозшылар қатарында жұмыс істеді. 1944 жылы 18 жасар бозбала соғысқа аттанып, соғысты 290-шы атқыштар дивизиясының 878-ші атқыштар полкінің атқыштар ротасының құрамында Эльбада аяқтады. Ұлы Отан соғысы кезінде "Ерлігі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Берлинді алғаны үшін" медальдарымен, сондай-ақ "ІІ дәрежелі Отан соғысы" орденімен марапатталды.

1950 жылғы ә

Әскерден босатылғаннан кейін дайындамалар жүйесінде жұмыс істеді, Ново - Рыбинск май зауытының директоры және Преснов аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кейін аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды. 1955 жылдан 1958 жылға дейін ол Киров атындағы колхоздың (қазіргі Изтолин ауылы) төрағасы болып, содан кейін Абай атындағы (қазіргі Орталық) колхоздың төрағасы болып жұмыс істейді, сол кездегі Буденновский совхозының Чапаевка ауылында басқарушы қызметінде жұмыс жасайды. Бастамашыл және табанды басшыны 34 жасында «Заградовский» совхозының директоры етіп тағайындайды, ал 1964 жылдың наурыз айынан бастап Мәскеу ауданының Таранғұл совхозын басқара отырып, оны озық деңгейге шығарды. 1966-1977 жылдары ОАШИ-да оқып, ғалым агроном дипломын алды. 1970 жылдың желтоқсанында Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды, ал 1972 жылдың наурызынан бастап Мәскеу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.

Сергеев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы міндетін Есім Шайкенұлы 1975 жылдың күзінде бастады, 1976 жылы Сергеевка ауданы мемлекетке 20 млн.пұт астық тапсырды. Есім Шайкенұлы Шайкин Социалистік Еңбек Ері жоғары атағына ие болды. 1976 жылдың көктемінен бастап оның басшылығымен Сергеев қаласын абаттандыру жұмыстары басталды. 1983 жылы оның "Табыс қайнары" атты кітабы жарық көрді. Онда ол аудан шаруашылықтары, еңбеккерлердің озық тәжірибелері туралы әңгімелейді. Есім Шайкенұлының Сергеев ауданындағы тоғыз жылдан астам еңбегі қажырлы, қиын жылдар болды.

1985 жылдың маусым айында облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, сол лауазымнан 1986 жылы құрметті демалысқа шықты. Бірақ, ол құр қол отыра алмады. Туған ауылы Үлгі тұрғындарының өтініші бойынша 1992 жылы ардагер бөлімше басқарушысы болып сайланады. Үлгі ауылында үлкен құрылыс басталып, 20 үйдің іргетасы қаланады. Салынған үйлердің кілттері тұрғындарға табысталады. Орталық сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүзеге асырылып, іске қосылады.

Қазан айынан бастап Есім Шайкенұлы Благовещенка ауылдық округінің әкімі қызметін бастағаннан кейін жұмыссыздық пен жалақы бойынша қарыздар азаяды. 1999 жылы жыл қорытындысы бойынша ел Президентінің грамотасымен марапатталды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін екі Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, екі "Құрмет Белгісі" орденімен, он медальмен марапатталған.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы