(1902-1982)
Жазушы, журналист ақын Ғалым Малдыбаев 1902 жылы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетіне қазақтың ұлы ақыны, ұстазы Абай Құнанбаевтың ықпалымен келген болатын. Ақынның алғашқы әдеби шығармашылық жолының басталуы сан-қилы сынақтардан өтті. Жас ақын 1925-1927 жж. Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев пен Сабит Мұқанов жұмыс жасаған Советтік партия мектебінде білімін шыңдады. Шығармашылыққа жүйріктігімен көзге түскен жас ақын сынға шыдап, сөз шеберлерінен көмек және қолдау табады. Уақыт өте келе жазушының өлеңдері қисынын тауып, сөздері маржандай төгіледі.
Отызыншы жылдардың бірінші жартысында ақынның «Серп и молот», «Дөңгелек» және «Қырым қызы» атты поэмасы жарық көреді.
Петропавл қаласындағы Советтік партия мектебін аяқтағаннан кейін «Бостандық туы» атты газет редакциясына жіберіліп, редактордың орынбасары лауазымын атқарады. Кейін Орал қаласындағы «Қызыл ту», Павлодар қаласында «Колхоз», Баянауылда «Ленин жолы» газеттерінің редакциясында редактор болып жұмыс жасайды.
Ғ. Малдыбаев 1932 жылы Қарағанды облысының Жазушылар кеңесінің төрағасы болды. Солтүстік Қазақстан облысының «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс атқарады. Аталмыш жылдарда жерлес ақын-жазушымыз биік шыңдардан көрініп, даңқы шыға бастайды. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғыс хатымен алты рет марапатталды.
Оның шығармаларынан республика көлемінде өткізілген, оның ішінде ауылды кеңестендіру, байлар мен крестьяндарды жою, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, индустрияландыру, тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты әлеуметтік саяси реформалардың көрінісі бейнеленген. Осы тақырыбтағы өлеңдері газет-журнал беттеріне ресми түрде жарияланды. Өйткені, барлық аталған реформалар компартияның бұйрығымен орындалып, іске асырылып отырды.
1992 жылдың 25 сәуірінде Сергеевка қаласында болған азаматтар жиынында Тополиная көшесін және Жанажол орта мектебін публицист-жазушы, Ғалым Малдыбаевтың есімімен атауды жөн көрді.