Меню

Страницы

Статья

Жарасбай Нұрқанов

(1937-2011)

Нұрқанов Жарасбай Анасұлы 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.
Жарасбай Нұрқанов Ленин атындағы орта мектепті алтын медальға бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Содан бес жыл оқып, 1960 жылы оқуды үздік бітіріп, Алматыда қал деген ұсыныстарына қарамай, өзінің оқыған мектебіне, яғни туған ауылына келіп мұғалімдік қызмет атқарған. Облыстық газеттерде, «Егемен Қазақстанда», Жазушы және Өнер баспаларында қызмет атқарып, «Бірнеше өлең жинақтарын шығарған. «Қара көздер», «Нұрлы терезе», «Алтын десте», «Арманым менің», «Терең барлау», «Буынсыз бала», «Қызылжар» сияқты бірнеше өлең жинақтары бар. Сонымен қатар аудармаға, публицистикаға, әңгімеге-суреттеме қалам тартып, балаларға арналған туындылар жазған.

Жарасбай Нұрқанов — ақын, журналист, аудармашы. Қазақстанның және КСРО жазушылары мен журналистері одағының мүшесі. Жарасбай Нұрқановтың шығармашылығы әртүрлі жанрларда ұсынылған. Ол 1965-1966 жж. тыңайған өлкенің «Тың өлкесі» газетінің әдеби қызметкері болып жұмыс атқарды, 1966-1974 жж. Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» газетін басқарды. Ол осы газетте қызмет атқарып жүріп, республикалық қоғамдастық арасында кеңінен танымал болды. 1974-1981 жж. – республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі. Кейінірек «Өнер» және «Жазушы» баспаларында аға редактор лауазымдарын атқарды.

Ол әр жылдары «Алтын десте», «Арманым менің», «Нұрлы терезе», «Көкжиек» және т.б. онға жуық өлеңдер мен поэмалар жинағын басып шығарды. Автор жинақтарына туған табиғаты, оның бірегей сұлулығы, ауыл еңбеккерлері, махаббат, халықтар достығы, жалынды жастық, кең дала байлығы, қаланың көркемдігі, тың еңбеккерлерінің ерліктері туралы өлеңдерін енгізді. Ақынның «Туған аймақ», «Аққудың көгілдірі», «Айлы кеште», «Есіме алсам аулымды», «Қандай тамаша», «Жан бабам» және басқаларына ән жазылып, халық арасында орындалуда.
Жарасбай Нұрқанның сөзіне композитор Ерсайын Нарымбаев жазған «37 жыл. Ерте солған гүлдер» әні тарихта қалды. Өйткені, «Ерте солған гүлдер» 37 –ші жылдың қасіретке толы дүрбелеңінде құрбан болған алаш азаматтарының рухына арналған құнды дүние. Ақын Жарасбай Нұрқан сол тарихи кезеңді тұла бойынан өткізіп, жүрегімен сезінген, жан ұшырған сәбилер мен қан жылаған аналардың көз жасын шынайы бейнелей білген. 2011 жылдың 31 мамырында «АЛЖИР» мұражайында осы өлеңнің тұсаукесеріне жиналып жүрген сәтінде таң ата дүниеден өтті.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы