Меню

Страницы

Статья

Уап Латыпұлы Латанов

1925 жылы 28 қаңтарда қазіргі Шал ақын ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. Өзінің туған ауылында Уап Латыпұлы (шын аты Ғабдулуахаб) бастауыш мектепті бітіріп, кейін оқуын Ленин орта мектебінде жалғастырады. 1941 жылдың қыркүйегінде, ер азаматтар әскерге шақырылып жатқан кезде, оған мұғалім болу ұсынылып, Алқаағаш бастауыш мектебін басқару міндеті жүктелді. Ол жалғыз өзі осы ауылда педагог ретінде сабақ берді.

1943 жылы мамырда Уап Латанов әскерге шақырылды. Самарқандтағы қосалқы оқу полкінің пулемет ротасының құрамында жедел оқу даярлығынан өткеннен кейін жас жауынгер бірінші Украина майданы қолбасшылығының қарамағына жіберіледі. Киевті азат ету операциясына қатысқаны үшін Уап Латыпұлы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Корсун-Шевченков операциясына да қатысқан кезде, Уап Латыпұлы кеудесіне ауыр жарақат алды: оқ жүрегіне жақын тиді. Корсун-Шевченков операциясына қатысқаны үшін Уап Латанов екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

Уап Латанов ауыр жарақаты үшін жарты жылдай уақыт майдан шебінен шеттетілді. Ол Пенза маңындағы ауруханада емделіп, сауыққаннан кейін кавалериялық – артиллериялық қосалқы полк орналасқан Саратов облысының Пугачев қаласына жіберілді. Соғыстың соңында және одан кейінгі алғашқы айларда ол радио мамандары әскери мектебінің қысқа мерзімді курстарында оқыды. 1945 жылдың күзінде Уап Латыпұлы үйге жіберілді.

Қайтып оралғаннан кейін бір жарым жыл емделіп, ауыр оталар жасалып. мүгедек болды. Ол тек 1948 жылы жұмысқа кіріседі. Оны аудандық статистика басқармасына инспектор етіп қабылдады, көп ұзамай Октябрь аудандық байланыс Кеңсесінің бастығы етіп тағайындады. Бұл лауазымда Уап Латыпович 10 жыл жұмыс істеді. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған.

Ол Семиполка совхозының партком хатшысы болып 2 жыл жұмыс істеді. Уап Латыпович аудандық мәдениет бөлімін 4 жыл басқарды. 14 жыл қатарынан Латанов аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды, 1978 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Сергеев су қоймасы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Оның ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан еңбегін екі "Құрмет Белгісі" ордені, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі және тағы да басқа 17 жауынгерлік және еңбек наградалары куәландырады. Уап Латыпович алғашқылардың бірі болып Сергеевка қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды.

Уап Латыпович Шал ақынның есімін мәңгі есте қалдыру бастамасын көтеріп, оған белсене ат салысты.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы