(1949-2007)
Владимир Алексеевич Колода 1949 жылы 16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының (қазіргі Есіл) Николаевка ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Приишим орта мектебін бітірді. 1966 жылдан 1968 жылға дейін Ленин ауданы Покровка ауылының Ленин ауылшаруашылық техникумының студенті болды. 1986 жылдан 1970 жылға дейін Германиядағы Кеңес әскерлерінің қатарында қызмет етті. Оқуын 1970 жылдан бастап облыстық тәжірибелік станциядағы Совет ауданының совхоз – техникумында жалғастырды.
Еңбек жолын 1971 жылы ауыл шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін Кеңес ауданы Шағлы ауылының совхоз – техникум комсомол ұйымының хатшысы қызметінен бастады. 1972 жылы Сергеевка ауданы (қазіргі Шал ақын ауданы) «Городецкий» совхозына агроном – тұқым реттеуші, бас агроном болып тағайындалды. 1977 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын 28 жасында бітіргеннен кейін Сергеевка ауданындағы «Ольгинка» совхозының директоры болып жұмыс істеді.
1990 жылдан РАПО төрағасы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сергеевка аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс жасады. 1993-1996 жылдары аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. 1993-1996 жылдары Сергеевка аудандық мәслихатының депутаты болды. 1992 жылыВладимир Алексеевич В.Быковский атындағы кеңшардың директоры болып ауыстырылды. 1996 жылы Тимирязев ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2002 жылдың 30 маусымында Сергеевка қаласының аудандық мәжілісінде Владимир Алексеевич Колода алғаш рет Шал ақын ауданының әкімі ретінде ұсынылғаннан кейін 2002 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметке кірісті, 2006 жылдың 6 қарашасына дейін ауданымыздың басшысы болып қызмет етті. Сергеевка тұрғындары үшін тарихи кезең 2004 жыл болды. Соңғы жүз жылда алғаш рет бүкілхалықтық құрылыс әдісімен мешіттің жаңа ғимараты салынып, Сергеевка қаласында мұсылман мешіті ашылды.
Ауданымыздың ақсақалы Қадыр Ескендіров «Егер үш музыкант ойнайтын болса, дирижер керек. Мешіттің құрылысы бойынша барлық күрделі жұмыстардың бас дирижері аудан әкімі Владимир Алексеевич Колода болды»,- деді.
Осы жылдың қыркүйек айында Сергеевка қаласында аудандық кітапхананың ашылу тұсаукесері өтті. «Жаңа кітапхананың ашылған ғимараты моральдық және рухани байыту орнына айналады», - деді Владимир Алексеевич, «Ол үшін 40 мың дана кітап қоры және 15 мың дана балалар әдебиеті кітабы бар, 19 мерзімді басылымдар шығарылады және де кітапханада өз ісіне берілген, лайықты керемет жандар жұмыс жасайды»,- деген болатын. Орталық аудандық кітапхананың салтанатты ашылу дүркірі басылмай жатып, қаламызда тағы бір жаңартылған ғимарат бой көтерді. «Бөбек» балабақшасы алғаш рет жас бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты.
Сондай-ақ, 2006 жылы Владимир Алексеевичтің басшылығымен балалар шығармашылық үйін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, іргесі қаланған мекеме талантты балаларды анықтауға және қабілеттерін жетілдіруге, балалардың қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Атқарылған жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Тайыр Мансұр тарапынан көмек көрсетілді.
В.Колода кезінде Сергеевка қаласында шіркеудің құрылысы басталып, өкінішке орай аяқталмай қалды. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық музей ғимаратының құрылысы да Владимир Алексеевичтың бастауымен басталған болатын. Сондай-ақ, облыс орталығынан келе жатқанда Сергеевка қаласының кіре берісінде аңыз жануар – барстың мүсіні орнатылған.
Владимир Алексеевич барлық басшылық қызметтерде адал жұмыс істеді, жақсы нәтижелерге қол жеткізді, адамдарға үнемі қамқорлық көрсетті.
Мемлекет алдындағы еңбегі үшін 1999 жылы Владимир Алексеевич Колода жоғары награда – "Құрмет" орденімен және 12 медальмен марапатталды.