Меню

Страницы

Статья

Донченко Андрей Васильевич

(1911-1988)

Донченко Андрей Васильевич 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Троицкое ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1929 жылы Троицкий колхозында бастады. 1931 жылдан бастап СҚО Мамлют ауданының Қызыл әскер совхозында жұмыс істеді. 1933-1936 жылдары Қызыл әскер қатарында қызмет етіп, кейін комсомол және партия жұмыстарында жұмыс атқарды.

1943 жылы Андрей Васильевич Донченко Приишимский совхозының отыз жыл бойы директоры болды. Қабылдап алған шаруашылығы құлдырау күйінде болды. 50 мың гектар егістік жердің жеті гектары ғана егілді. Техникалық жарақтандырылуы да нашар болды, ол кезде тек 20 трактор, 3 жүк көлігі, 7 "Коммунар" комбайны ғана болған. Андрей Васильевич бұл іске жігерлі кірісті. Бірнеше жылдың ішінде кеңшар күшейіп, аяққа тұрды. 1970 жылға қарай оның паркінде 100 трактор, 63 автомобиль және 82 комбайн болды. 1968 жылдан бастап шаруашылықтағы басты бағыт астық, қосымша салалар – сүтті мал шаруашылығы және қой шаруашылығы болды. Көктемгі егіс алқабы 21290 гектарды құрады.

Мал шаруашылығы кешендерінің, мәдени-тұрмыстық үй-жайлардың құрылысы басталды. Хирургия бөлімшесі, рентген кабинеті және зертханасы бар 30 төсектік екі қабатты аурухана, дәріхана, перзентхана салынды. Екі интернат, 400 орындық мәдениет сарайы салынды. Қазақ және орыс тілдерінде екі мектеп ашылды. Совхоздық кенттер жаңартылып, орталық усадьба тұрғызылды. "Приишимский" совхозы экономикалық қуатты шаруашылыққа айналды.

Сегізінші бесжылдықта (1966-1970 жж.) ол жыл сайын мемлекетке миллионнан астам пұт астық тапсырды. Қол жеткізген табыстары үшін совхозға Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, облыстық партия комитетінің, облыстық атқару комитетінің және облыстық кәсіподақ Кеңесінің ауыспалы Қызыл Туы бірнеше рет табыс етілді. Андрей Васильевич Донченко Ленин, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Тың өлкесінің өлкелік Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі болды. 1988 жылы қайтыс болды.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы