(1953-2020)
Анатолий Шьяпович Васимов 1953 жылы 10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысыСергеевка ауданы Рясинка ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық ӘШҚҚ ұшқыштар мен штурмандар училищесін бітірді.
1975-1992 жылдары Қиыр Шығыс әскери округінің авиациялық буыны, эскадрилья, полк командирі. 1988 жылы Венгрия Халық Армиясының М.Зрин атындағы Әскери академиясын бітірді. 1992-1993 жылдары — авиация бастығы, ӘШҚҚ әскерлері қолбасшысының орынбасары. 1993 жыл бойы Қазақстан Республикасының ӘШҚҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары. 1993-1998 жылдары Қазақстан Республикасы ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы. 1995 жылдың мамыр айында авиация генерал-майоры атағы берілді. 1998 жылғы сәуір-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары. 1998 жылғы тамыздан 2000 жылғы наурызға дейін-Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы Қарулы Күштерінің қолбасшысы. 2000 жылдың тамыз айында әскери қызметінен қосалқы қызметке ауыстырылды. 2001 жылғы қаңтардан 2003 жылғы қаңтарға дейін — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының әскери мәселелер жөніндегі орынбасары - азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел төтенше жағдайлар департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығының бастығы. 2006-2013 жылдары-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазғарыш» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ғарыш техникасының арнайы конструкторлық технологиялық бюросының бас маманы. 2020 жылдың 13 қаңтарында дүниеден өтті.
Сіңірген еңбегі үшін: Даңқ орденімен (1998), 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, медальдармен марапатталған.