(1925 – 1983)
Евней Арыстанович Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Бағанаты ауылында қарапайым шаруалардың отбасында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Ибн-Ғабиден, бірақ ата-анасы оны Евней-Ғабиден деп атады, ал кейінірек құжаттарда ол Евней деп жазылды. Аштық жылдарында әкесі Арыстан отбасымен қазіргі Қорған облысының Макушинск совхозына көшіп, қара жұмысшы болып жұмыс істеген. Евней Бөкетов алғашқы білімін сол жақта бастап, 1938 жылы ата-анасымен туған жеріне оралып, арғы білімін аудан орталығы Марьевка ауылында жалғастырды, бірақ әкесінің ауруына байланысты 9-сыныпты аяқтағаннан кейін оқуын тоқтатып, жұмысқа тұруға мәжбүр болды. Көп ұзамай әкесі қайтыс болды. 1945 жылы 20 жасында ол орта мектепті тәмамдап, Қазақ тау-кен металлургия институтының металлургия факультетіне түседі де, оны 1950 жылы аяқтап шығады. Әрі қарай болашақ академиктің қызметтік және ғылыми мансабы өсе берді, алдымен аспирантура, 1954 жылы диссертация қорғау, 1956 жылы доцент лауазымы, 1958 жылы оқу ісі жөніндегі проректор, ал екі жылдан кейін – Қарағандыдағы Қазақстан Ғылым Академиясының химия – металлургия институтының директоры болып тағайындалды.
Е.А. Букетов - АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия, ГФР, Жапония және басқа елдерде патенттелген 200-ден астам ғылыми еңбектің, тоғыз монографияның, 90-ға жуық ғылыми жаңалықтың авторы. Оның негізгі ғылыми еңбектері түсті металдар металлургиясы. Ол металлургия процестерін жеделдету бойынша ғылыми әзірлемелер жасады. Букетов Лисаков және Аят кен орындарында марганец және темір кендерін кешенді пайдалануға (сазбалшық пен ванадий құрамынан бөліну) қомақты үлес қосты. Оның басшылығымен Балқаш тау-кен металлургия комбинатында мышьякты мысэлектролиттен алу тәсілі зерттеліп, өндіріске енгізілді. Евней Арыстанұлы - халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясындағы жаңа бағыттың негізін қалаушы, осы еңбегі үшін 1969 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді, Қарағанды қаласында өткен 1-ші және 2-ші Бүкілодақтық кеңестердің ұйымдастырушысы және жетекшісі. Шламдағы элементтен фосфорды бөлу әдісі Бөкетов-Баешев әдісі деп аталды. Е.Букетов Д.И. Менделеев элементтерінің периодтық жүйесіндегі химиялық аналогтардың жіктелуін нақтылады, металлургиялық сілтісіздендіргіштер арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді.
Е.Бөкетов - Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушы, академик Евней Бөкетов Қазақстанның химия-металлургия ғылымындағы басты тұлға болды. Сонымен қатар, Қазақстанда белгілі әдеби сыншы, жазушы. Орыс жазушылары мен ақындарының бірқатар аудармаларын қазақ тіліне аударып үлгерген. 1985 жылы Мәскеуде Е.А. Бөкетовтың «Святое дело Чокана» атты очеркі жарық көрді. 1989 жылы Е.Бөкетовтің "досына алты хат"атты кітабы жарық көрді. 2005-2006 жылдары 6 томдық ғылыми және әдеби-публицистикалық шығармалар жинағының 5 томы жарық көрді. 2007 жылы ЖЗЛ сериясында жазушы М.Сәрсекенің "Евней Букетов" атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.
Евней Арыстанович Букетов өзінің шығармашылық өмірінің өркендеуі кезінде, 58-ші жылында көптеген шығармашылық ойларын жүзеге асыра алмай кетті.