Тонкерей ауданы. КСРО ВЦИК Президиумының 1928 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен орталығы-мәдени ошағы Майбалық көлінің жанындағы № 1–2, 4–10 Тонкерей Қазақ болысының ауыл кеңестері және Пресногорьков болысының үш ауыл кеңесі құрамында Тонкерей ауданы құрылды.
Қазақ АКСР ЦИК және СНК 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен Тонкерей және Рыков аудандары орталығы Марьевка селосы болып табылатын бір Тонкерей ауданына біріктірілді. Рыков ауданынан келесі ауыл кеңестері тапсырылды: Белоградов, Городецк, Дмитриев, Коноваловка, Крещенка, Кривощеково, Куприяновка, Мариинка, Песков, Соколовка, Сергеевка, Семиполка, Черно-озер; Пресногорьков ауданынан — Королев, Ряс, Стретин; Лениннан-Андреев, Владимиров, Николаев, Спас; Пресновкадан-Троицк; Қызыләскерден — ауыл кеңестері.
КазЦИК Президиумының 1932 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен келесі ауыл кеңестерінен тұратын Тонкерей ауданының жаңа құрамы бекітілді: Мариинка, Сергеевка, Крещенка, Коноваловка, Городецк, Николаевка, Спас, Семиполка, Стретин, Ряс, Дмитриевка, Айымжан (№ 1 ауыл кеңесі), Майбалық (№ 2 ауыл кеңесі), Тастемір (№ 3 ауыл кеңесі), Жаркен (№ 4 ауыл кеңесі), Баян (№ 5 ауыл кеңесі), Жапай (№ 6 ауыл кеңесі), Елтай (№ 7 ауыл кеңесі), Балыбай (№ 8 ауыл кеңесі). Орталығы — Майбалық селосы.
Қарағанды облисполкомы Президиумының 1935 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен КазЦИК Президиумының 1935 жылғы 9 қаңтардағы қаулысы негізінде келесі ауыл кеңестерінен тұратын Тонкерей ауданының жаңа құрамы бекітілді: Голощекин, Городецк, Дмитриевка, Есіл, Жалтыр, Исаев, Кеңес, Коноваловка, Крещенка, Марьев, Нижний-Бурлук, Семиполка, Сергеевка, Степной. Орталығы — Марьевка селосы.
Тонкерей ауданы Солтүстік Қазақстан облысы құрамына 1936 жылы 29 шілдеде енгізілді. Солтүстік Қазақстан облисполкомы Президиумының 1938 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен Исаев ауыл кеңесі Ленин ауыл кеңесіне өзгертілді.
Октябрь ауданы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1940 жылғы 21 мамырдағы Жарлығымен Тонкерей ауданының атауы Октябрь атауына өзгертілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1950 жылғы 14 маусымдағы Жарлығымен Кеңес ауыл кеңесінен Дубров елді мекені және «Жыл — Қызыл» колхозы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Красный ауыл кеңесіне берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1952 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Жалтыр ауыл кеңесінен Ынтымақ с. Дмитриев ауыл кеңесінің құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен 7 поселкелік кеңес құрылды: Степной совхозы орталық мекеніндегі поселкеде — Дос, оны «Интернациональный» совхозының әкімшілік-аумақтық қызмет көрсетуіне кіргізіп, Дзержинск совхозында — Ақсуат, Докучаев совхозында — Северный, Тимирязев совхозында — Целинный, Москворецк совхозында — Москворецк, Хрущева ат. совхозда — Комсомол және Октябрь совхозында — Октябрь. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 14 шілдедегі Жарлығымен Бағанаты елді мекенін Городецк ауыл кеңесінің құрамына, Кеңес елді мекенін -Нижний-Бурлук ауыл кеңесінің құрамына, Садовка елді мекенін — Степной ауыл кеңесінің құрамына берумен Кеңес ауыл кеңесі жойылды.
Келесі елді мекендер тапсырылды:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығымен жалпы алаңы 17848 гектар Октябрь мемлекеттік жер қорының жер телімі Преснов ауданының құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығымен ауыл кеңестері құқығындағы поселкелік кеңестер құрылды: Есіл поселкелік кеңес атауын беріп, Есіл астық совхозы орталық мекен поселкесінде, Кривощеков поселкелік кеңес атауын беріп, «Заря» астық совхозы орталық мекен поселкесінде.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30 шілдедегі Жарлығымен келесілер біріктірілді:
Жойылды:
Берілді:
Атаулары өзгертілді:
Қайта құрылды:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен селолық кеңес құқығындағы Северный поселкелік кеңесі Преснов ауданы құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Интернациаональный поселкелік кеңесінің атауын беріп, селолық кеңес құқығындағы Интернациональный совхозы орталық мекеніндегі поселкеде поселкелік кеңес құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Коноваловка елді мекенін Октябрь поселкелік кеңесіне, Бағанаты елді мекенін Марьевка поселкелік кеңесіне, Городецк елді мекенін Интернациональный поселкелік кеңесіне беріп, Коновалов поселкелік кеңесі жойылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Марьевка селолық кеңесі құрамына Семиполка селолық кеңесінен Алатай, Байгел, Шоқат елді мекендері берілді.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1962 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен Марьевка селолық кеңесінен Сергеевка, Жалтыр, Чапаев, Бағанаты, Ақанбарақ, Алатай, Байгел, Шоқат елді мекендерін беріп, орталығы Сергеевка селосы Сергеевка селолық кеңесі құрылды.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1962 жылғы 8 тамыздағы шешімімен Интернациональный селолық кеңесінен Городецк елді мекенін, Октябрь селолық кеңесінен Коноваловка елді мекенін, Сергеевка селолық кеңесінен Бағанаты елді мекенін беріп, орталығы Городецк селосы Городецк селолық кеңесі құрылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1964 жылғы 31 шілдедегі шешімімен Тереңсай селолық кеңес құрамына Сергеев селолық кеңесінен Жаңажол, Жаңаталап, Кеңес елді мекендері берілді.
Сергеевка ауданы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Октябрь ауданының атауы орталығы Сергеевка селосы Сергеевка ауданына ауыстырылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Приишим ауданынан Приишим селолық кеңесі Сергеевка ауданы құрамына берілді.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1963 жылғы 8 мамырдағы шешімімен келесі елді мекендерді тапсырумен Теренсай совхозы орталық мекендегі орталығы Ленин ауылы Теренсай ауыл кеңесі құрылды: Ленин, Новопокров селолық кеңесінен Көктерек; Қаратал, Кривощеков селолық кеңесінен Козловка елді мекендері.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1964 жылғы 3 қарашадағы шешімімен Белоглинка селосы Ольгинка селолық кеңесінен Новопокров селолық кеңесінің құрамына берілді.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1968 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен келесілердің атаулары өзгертілді:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1969 жылғы 21 мамырдағы Жарлығымен Сергеевка селосы аудан қарамағындағы қала санатына жатқызылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1969 жылғы 11 шілдедегі шешімімен Сергеевка селолық кеңесі қалалық кеңеске қайта құрылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1970 жылғы 10 маусымдағы шешімімен Тимирязев ауданы Есіл селолық кеңесінен Тельманово селосы Октябрь селолық кеңесінің құрамына берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1970 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1970 жылғы 10 маусымдағы шешімі негізінде құрылған екі селолық кеңестің атауы өзгертілді: орталығы Ступинка селосындағы Ступинка, оның құрамына Семиполка селолық кеңесінен Ступинка, Марьевка селолық кеңесінен Жалтыр, Приишим селолық кеңесінен Остаған елді мекендерін берілді, орталығы Крещенка селосындағы Юбилейный с., оның құрамына Октябрь селолық кеңесінен Крещенка, Куприяновка, Белоградовка елді мекендерін берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 16 тамыздағы Жарлығымен келесі елді мекендерге атаулар берілді:
Атаулары ауыстырылды:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 7 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1972 жылғы 26 маусымдағы шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске орталығы Жаңажол селосы құрамына Теренсай селолық кеңесінің Жаңажол, Кеңес, Жаңаталап елді мекендері берілген, Жаңажол атауы берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1975 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1975 жылғы 24 шілдедегі шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске орталығы Ольгинка селосы құрамына Ольгинка селолық кеңесінен Ольгинка, Афанасьев селолық кеңесінен Двойники, Кривощеково селолық кеңесінен Соколовка елді мекендері берілген, Ольгинка атауы берілді. Ольгинка селолық кеңесінің атауы орталығы Сухорабовка селосы Сухорабов селолық кеңесіне ауыстырылды.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1977 жылғы 31 наурыздағы шешімімен Приишим селолық кеңесінің Баян елді мекені Жамбыл ауданы Архангельск селолық кеңесінің құрамына берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1978 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен Теренсай селолық кеңесінің Мектеп елді мекені Ленин ауданы Алматы селолық кеңесінің құрамына берілді. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1979 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен Новопокров селолық кеңесінен Жанасу, Еңбек, Ақсу елді мекендерін беріп, орталығы Еңбек селосы Еңбек селолық кеңесі құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1979 жылғы 24 қыркүйектегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1979 жылғы 7 қыркүйектегі шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске Новопокров селолық кеңесінен Жанасу, Еңбек, Ақсу елді мекендерін беріп, орталығы Еңбек селосы Еңбек селолық кеңесі атауы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Юбилейный селолық кеңесі Целинный ауданына берілді.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1984 жылғы 22 наурыздағы шешімімен есептік деректерден Новопокров селолық кеңесінің Сардонниково, Приишим селолық кеңесінің Таласпай, Теренсай селолық кеңесінің Қарашық елді мекендері алып тасталынды.
Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1988 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен есептік деректерден Сухорабов селолық кеңесінің Шортай елді мекені алып тасталынды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен жойылған Целинный ауданынан Городецк, Октябрь, Юбилейный, Интернациональный селолық кеңестері берілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 23 маусымдағы Жарлығымен Еңбек селолық кеңесі орталығы Жанасу селосы Жанасу селолық кеңеске атауы өзгертілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік басшысының 1994 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Сергеев ауданының болған селолық кеңестері шекарасында келесі селолық округтер құрылды: Афанасьев, Городецк, Жаңажол, Жанасу, Кривощеков, Марьевка, Новопокровка, Октябрь, Ольгинка, Приишимка, Семиполка, Ступинка, Сухорабов, Теренсай, Юбилейный.
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік басшысының 1994 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен Ольгинка селолық округі аумағындағы Көкшетау өндірістік су құбырының бас құрылғысы орналасқан поселкеге «Қорғантас» атауы берілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 1997 жылғы 12 ақпандағы бірлескен 12-сессияның шешімімен жойылды: орталығы Новопокровка селосындағы Новопокров селолық округінің әкімшілік иелігіне берумен Жанасу селолық округі; орталығы Ступинка селосындағы Ступинка селолық округінің әкімшілік иелігіне берумен Жаңажол селолық округі, орталығы Сергеевка қаласындағы Аютас селолық округі негізін құраған Марьевка және Теренсай селолық округтері; Кривощеков селолық округі құрамына Соколовка селосын берумен Ольгинка селолық округі, Двойники және Қорғантас селосы Афанасьев селолық округі құрамына, Ольгинка селосы Сухорабов селолық округі құрамына берілді, Ступинка селолық округінің Остаған селосы Семиполка селолық округінің әкімшілік иелігіне, Жаңажол селолық округінің Кеңес селосы Приишим селолық округінің әкімшілік иелігіне тапсырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 1998 жылғы 16 қарашадағы бірлескен 19-сессияның шешімімен Кривощеков селолық округінің Известковое елді мекені есептік деректерден алынып тасталды.
Шал ақын ауданы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен Сергеев ауданы Шал ақын ауданы деп аталды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2001 жылғы 12 қазандағы бірлескен шешімімен Аютас селолық округі Ленино селосының атауы Ысқақ Ыбыраев ауылына өзгертілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2003 жылғы 13 маусымдағы бірлескен (26 сессиясы екінші шақырылым) шешімімен Аютас селолық округі аудандық маңызы бар Сергеевка қаласы құрамынан шығарылып, қайта құрылды. Аютас селолық округінің әкімшілік орталығы — Қаратал селосы.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдағы бірлескен шешімімен орталығы Жаңажол селосы Жаңажол селолық округі Ступинка селолық округінің аумағынан Жаңажол, Жаңаталап селоларын және Приишим селолық округінің аумағынан Кеңес селосын бөліп беру жолымен құрылды.