Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 4 тоқсандағы бақылау іс-шараларын өткізу туралы ақпарат

2023 жылдың 4 тоқсанында Шал ақын ауданы бойынша барлығы 1013 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз нысанда мемлекеттік орган арқылы 0, "Азаматтарға арналған үкімет" МК арқылы 120 қызмет, электрондық түрде 893 мемлекеттік қызмет.

Электрондық үкімет порталы арқылы 3493 қызмет көрсетуден бас тартылды.

Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 3 бақылау іс-шарасы өткізілді:

2023 жылғы 23-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35 үй мекенжайында орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ-де сектор меңгерушісі Ж. Е. Хасенованың қатысуымен бақылау іс-шарасы өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

2023 жылғы 1-8 қараша аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ибраев ауылы, Школьная көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан, бас маман Т. А. Сыздықованың қатысуымен бақылау іс-шарасы өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тексеру парағының 14-тармағының бұзылуы анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз ұсынамыз:

- Жұмыс кестесін сақтай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеуді жүргізу. Осындай бұзушылықтар қайталанған жағдайда тәртіптік сипаттағы шараларды ұсынамыз.

Орындалды.

2023 жылғы 27 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35-үй мекенжайында орналасқан "Шал ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшы-бас маманы Кәрімжан Айсұлу Жамбылқызын тарта отырып (келісім бойынша),  бас маман М. Д. Дүйсембекованың қатысуымен бақылау іс-шарасы өткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тексеру парағының 14-тармағының бұзылуы анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз ұсынамыз:

- Жұмыс кестесін сақтай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеуді жүргізу.

Орындалды.

Дата публикации
08 января 2024
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы