Меню

Страницы

Статья

"Сергеевка 2050" ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы оқыту

"Сергеевка 2050" ЖШС 2023 жылғы 17 наурызда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 2023 жылғы 7 наурызда заңды күшіне енген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына түзетулер бойынша семинар өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғауға және көтермелеуге бағытталған ережелерді талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлама;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат беру;
3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғаудың мемлекет кепілдік берген шаралары мыналарды қамтиды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде немесе адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап еңбек қатынастары саласындағы құқықтар мен заңды мүдделерді бұзудан қорғауды;
2) осы адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде адамның жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысына және (немесе) ол жұмыскері болып табылатын ұйымның не уәкілетті мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету мақсатында жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Дата публикации
23 ноября 2023
Дата обновления
23 ноября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы