Меню

Страницы

Статья

Құрметті Шалақындықтар, қонақтар және  өнерпаздар!

Выступление акима района
ка концерте «Біздің елдің жігіттері»
14.04.2023  г. в 17:30
зрительный зал РДК 

Биыл, 2023 жыл —  есімімен аудан аталып  жүрген, ақын — импровизатор  Шал  ақынның  туғанына  275 жылдығымен  маңызды  болмақшы. Атаулы  іс-шараны  қасиетті  Рамазан  айында өткізудің  өзінің маңызы  зор. Осы  қасиетті айда  ата – бабаларымызды еске алып, рухтарына  тағзым  ету —  әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

Бүгінгі іс – шарамыз тікелей Шал ақынның  275 – жылдығына  арналады. 

Тілеуке Құлекеұлына ақындық  талант  15 жасынан  бастап  дамыған. Сол кезден  ақынды  ел арасында  «Шал ақын»  атап кеткен. Өз заманында беделді  болған,  Шал ақынсыз ешбір  жиын, той – думан  өтпеген. Өлеңдері мен  жырларында  достықты, үлкендерге  деген  сыйластықты, ата –анаға  деген  сүйіспеншілікті , бірлік пен  берекені жырлап  өткен.

Біз  Шалақындықтар  ақынның  жерлесі болғанымызбен  мақтанамыз,  шығармалары мен  жырларын  оқып,  күні бүгінге дейін жеткен  еңбектері біз үшін  рухани да, мәдени  де байлық .

Мәдениет саласы – негізінен адамдарды  жақсылыққа, мәдениеттілікке, сыйластық пен әдемілікке  тәрбиелейтін, рухани дамытатын  тамаша  өнер ортасы.

Біздің ауданымызда да осы сала басты назарға алынған. Биылғы жылы Ысқақ Ыбыраев  аулындағы мәдениет үйі толық  жөндеуден өтіп, маусым айында заманауи мәдениет үйі қолданысқа берілмек.  Сондай ақ, «Ауыл – ел  бесігі»  бағдарламасы  аясында Новопокровка және  Кривощеково ауылдарындағы  мәдениет  үйлеріне  жөндеу  жұмыстары  жүргізілуде. Тағы да, Новопокровка ауылдық округінің Аксу  ауылындағы  мәдениет  үйінің жөндеуі басталды.

Биыл жерлесіміздің 275 жылдығына  орай  ауданымызда  «Күмбірлеген  күміс күй»  атты облыстық  домбырашылар  сайысы өтті. Оған аудандардан 20-ға жуық бала қатысты. Әлі де ақиық ақынның мерейтойына орай, бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарда бар.

Қадірлі жерлестер! 

Сөз  соңында  айтарым, біз  өзіміздің  кешегі  өткен  тарихымызды  білу арқылы ғана,   болашаққа анық  аяқ  баса аламыз.  Осы  сәтті  пайдалана  отырып, бүгінгі  концерттке  қатысушыларға  зор алғысымды айтып, шығармашылықтарыңмен  көпшілікті қуантып, көрермендер  ықыластарына  бөленулеріңе тілектеспін. 

Дата публикации
16 мая 2023
Дата обновления
16 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
16 октября 2026
Инфографикалар
14 октября 2026
ХАБАРЛАМА Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы