ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Шал ақын ауданы Афанасьев  ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Афанасьев сайлау округі

Афанасьев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 406 азамат енгізілді, оның 234-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жахин Ә.С. – 160,  Касенова Г.Н.- 26, Серіков А.С.-39 

Афанасьев ауылдық округінің әкімі болып Жахин Әділбек Серікұлы сайланды, 1979 жылы туған, аудан әкімінің төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс жөніндегі көмекшісі, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

        

        

                                                        Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 февраля 2026