Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімін сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 15 ақпандағы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімін сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 15 ақпанға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімін сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Сайлау комиссиялары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округі әкімін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулы Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Новатор» және «Парыз» газеттерінде жариялансын.

 

 

         Төраға                                                                             Қ. Сәрсенбаев

 

 

 

 

Сергеевка қ.

2025 жылғы 7 қаңтар

№ 1/01

 

Дата публикации
08 января 2026