2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7, 91-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 184 411 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 564 390 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19 551 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 851 мың теңге;

трансферттер түсімі  –  1 582 619 мың теңге;

2) шығындар – 2 909 835,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 282,5 мың теңге:

бюджеттік кредиттер –  8 650 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –  7 367,5 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 273 293 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               - 273 293 мың теңге:

қарыздар түсімі – 8 650 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 281 943 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес белгіленсін.
  2. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенция түсімі 605 884 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Аудандық бюджеттен 2026 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 25 488 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Арай ауылдық округіне – 2 212 мың теңге;

Афанасьев ауылдық округіне – 2 827 мың теңге;

Аютас ауылдық округіне – 2 402  мың теңге;

Городецк ауылдық округіне – 2 005 мың теңге;

Жаңажол ауылдық округіне – 3 041 мың теңге;

Новопокров ауылдық округіне – 2 728  мың теңге;

Приишим ауылдық округіне – 1 953 мың теңге;

Семипол ауылдық округіне – 2 672 мың теңге;

Сухорабов ауылдық округіне – 2 728 мың теңге;

Юбилейный ауылдық округіне  – 2 920 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсімі ескерілсін.
  2. Бюджеттің төртінші деңгейдегі аудандық бюджетінен ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте Сергеевка қаласының бюджетінен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі 122 477 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2026 жылға ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 38 910 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2026 жылға жергілікті атқарушы органның қарыз лимиті 281 943 мың теңге сомасында белгіленсін.
  4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы                          

       Шал ақын ауданы

  мәслихатының төрағасы                                                             Қ. Жанғожинов

2026 жылға арналған Шал ақын ауданының бюджеті
Дата публикации
17 декабря 2025