Қорытындылар мен ұсынымдар Шал ақын ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетінің шығыстарын шолу нәтижелері бойынша

1. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 74-бабына және Ұлттық экономика министрі м.а. 2025 жылғы 23 мамырдағы №33 бұйрығымен бекітілген шығыстарға шолу жүргізу қағидаларына сәйкес, Шал ақын ауданы әкімдігі экономика және қаржы бөлімі 2026–2028 жылдарға арналған бюджет шығыстарына шолу жүргізді.
         Негізгі міндет – бюджет бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, бюджет шығыстарын оңтайландыру және бюджет саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шартсыз базалық шығыстардың (бұдан әрі – ШБШ) шынайы деңгейін анықтау.

 

2. Шолудың мақсаты мен міндеттері

 

2.Шығындарды қарау мақсаттары:

1) тиісті іс-шаралардың, оларды іске асыру және қаржылық қамтамасыз ету тетіктерінің орындылығы мен өзектілігін, мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі нәтижелерді және баламалы құралдардың болуын бағалау;

2) орта мерзімді бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру;

3) ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды есепке алу;

4) Бюджеттік шығыстардың нәтижелілігін арттыру;

5) шығыстарды басымдығы аз және (немесе) тиімсіз шығыстардан қысқарту және (немесе) қайта бағыттау үшін мүмкіндіктерді анықтау;

6) бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз ету;

7) жалпы бюджеттік бақылауды күшейту.

Тапсырмаларға мыналар кіреді: – Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (бұдан әрі-БББ)шығыстарының БББ негізделген лимиттерін белгілеу; - Артық немесе қайталанатын шығыстар баптарын алып тастау; - Баламалы шығындар сценарийлерін салыстыру; - Бюджеттің тұрақтылығын сақтау.

 

3. Әдіснама және дереккөздер

 

Шолуға 2025 жылға түзетілген бюджет, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған ББӘ ұсыныстары енгізілді.

 

4. Негізгі параметрлер

 

2025 жылға арналған түзетілген аудандық бюджетте ББӘ қызметін қамтамасыз етуге – 2629,2 млн теңге, оның ішінде ШБШ – 2302,3 млн теңге көзделген.
         2026 жылға арналған шығыстар лимиттерін қалыптастыру аясында ББӘ жалпы сомасы 2551,3 млн теңгеге, оның ішінде ШБШ – 2219,8 млн теңгеге бюджеттік өтінімдер ұсынды.

 

5. Мүмкін нұсқаларды талдау

1-нұсқа

ББӘ бюджеттік өтінімдеріне сәйкес:
2026 жыл – 2551,3 млн теңге, оның ішінде ШБШ – 2219,8 млн теңге.

Оң жақтары:

барлық мәлімделген шығыстарды толық қамтамасыз ету;проблемалық мәселелерді бір реттік шешу.

Теріс жақтары:шығыстардың (әсіресе әкімшілік) негізсіз арту тәуекелі;есептік ШБШ-дан шамамен 50%-ға асып кету;ББӘ тәртібінің әлсіреуі;жөндеу, техника сатып алу, ЖСҚ, іссапарлар және басқа да бағыттар бойынша игермеу немесе негізсіз шығындар тәуекелі.

Қорытынды: экономикалық жағынан орынсыз. Тиімділік, нәтижеге бағдарлану және негізділік қағидаттарына қайшы келеді.

2-нұсқа

Алдыңғы кезең шығыстарын талдау, негізделген ұлғайту ұсыныстарын және оңтайландыру әлеуетін ескеру арқылы барынша оңтайлы нұсқа болып табылады.

Осы тәсілдер негізінде аудан бюджетінің 2026–2028 жылдарға арналған лимиттері төмендегідей айқындалды:

2026 жыл – 2551,3 млн теңге, оның ішінде ШБШ – 2219,8 млн теңге;

2027 жыл – 2262,8 млн теңге, оның ішінде ШБШ – 2262,8 млн теңге;

2028 жыл – 2644,5 млн теңге, оның ішінде ШБШ – 2644,5 млн теңге.

Бұл шығыстар мемлекет қабылдаған бұрынғы (соның ішінде әлеуметтік) міндеттемелерді олардың ұлғаюын және индексацияны ескере отырып, сақтауды қамтамасыз етеді.

Оң жақтары:тұрақты шығыстар бойынша индексацияны ескеру;шектеулі мүмкіндіктер жағдайында бюджет тұрақтылығы;орта мерзімді бюджет жоспарлау сапасын арттыру.

Қорытынды: шынайы, теңгерімді және басқарылатын нұсқа.
Мемлекеттік сектордың үздіксіз жұмысын, стратегиялық міндеттердің орындалуын және бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұсыным:

Жүргізілген талдау негізінде 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын қалыптастыру барысында шығыстар шолуының екінші нұсқасын қолдану ұсынылады. Ол қазіргі мүмкіндіктерге де, тұрақты дамуды қамтамасыз ету міндеттеріне де сай келетін оңтайлы және жауапты бюджет шешімі болып табылады.

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2025