Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының бас жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабы  1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының бас жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 5/7 "Сергеевка қаласының бас жоспары туралы" шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

                  

    

Солтүстік Қазақстан облысы                           

Шал ақын аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                  Қ.Жанғожинов 

Дата публикации
04 ноября 2025