2025 жылғы 26 қазанда Шал ақын аудандық мәслихатының № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1066 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 592 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –24 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны –3.
Шал ақын аудандық мәслихатының № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Антоненко Анастасия Егоровна үшін сайлаушылардың 69 дауысы берілді,
Брайнингер Валентина Николаевна үшін сайлаушылардың 109 дауысы берілді,
Мәдиев Руслан Жеңісұлы үшін сайлаушылардың 378 дауысы берілді,
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 24.
Сайлау қорытындысымен Шал ақын аудандық мәслихатының № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып – Мәдиев Руслан Жеңісұлы сайланды, ол 1991 жылы туған, Шал ақын аудандық электр желілері «СҚ ЭЖТК» АҚ бастығы, Сергеевка қаласында тұрады, «Ауыл» партиясы» РҚБ ұсынған.
Шал ақын аудандық
сайлау комиссиясы