ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Шал ақын ауданы Аютас  ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Аютас сайлау округі

Аютас ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1143 азамат енгізілді, оның 641-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -35.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлжанова Д.Б. – 96,  Жанжолов Ж.Ғ.- 152, Қапанов Р.Е.-348 

Аютас ауылдық округінің әкімі болып Қапанов Райымбек Ерікұлы сайланды, 1998 жылы туған, Аютас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

        

        

                                                        Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 сентября 2025