Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

2025 жылғы 27 тамызда Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, Онда Шал ақын аудандық мәслихатының депутатын сайлауды 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған шығып қалған епутаттың орнына № 8 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша тағайындау туралы мәселе қаралды.
Шал ақын ауданы мәслихатының депутатын сайлауын 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған шығып қалған епутаттың орнына № 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Шал ақын ауданы мәслихатының депутатын сайлауға дайындау және өткізу кезеңінде 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған шығып қалған депутатың орнына № 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша демалыс және мереке күндері аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесі бекітілді.
Басқа да мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2025