№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шал ақын ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармақшасына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шал ақын ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шал ақын ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін
  3. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
  4. Осы қаулы «Новатор» және «Парыз» аудандық газетерінде және Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Төраға                                                                        Қ. Сәрсенбаев

 

 

 

 

 

 

Сергеевка қ.

№ 42/01

2025 ж. 27 тамыз

Дата публикации
27 августа 2025