Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына негiзделген болып келедi.
Осы қаулының қабылдану мақсаты техникалық қызметкерлерді және жалақысы төмен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында сыйлықақылармен ынталандыру болып табылады. Ынталандыру жәрдемақылары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің қолданыстағы түрлеріне қосымша төлемдер және ынталандыру төлемдері.
Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандыру үстемеақыларын төлеуді қаржыландыру көзі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жергілікті бюджеті болып табылады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15360441
Басшы Е.Андреева