Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін:

- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ақанбарақ, Ысқақ Ыбраев, Городецкое, Мерген, Новопокровка, Повозочное, Семиполка, Арай (Кривощеково), Ольгинка, Сухорабовка, Крещенка, Ұзынжар ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарлары» жобаларының әсер ету скринингі бойынша есеп құжаттары (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті.

 

Бас жобалаушы: «Проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Таминдаров Р.Р.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2039 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2024 жылдың 19 қарашадан бастап, 3 желтоқсанға дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 ж. 3 желтоқсан).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz, b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- на e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz, b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» номері: 8 776 941 4211

 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтында.

 

Новопокровка
Дата публикации
21 ноября 2024