Осы жобаға сәйкес келесі актілердің күші жойылды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық мәслихаттың, Парламент Мәжілісінің депутатына ұсынылған кандидаттарға сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы» 2007 жылғы 17 шілдедегі № 134 қаулысы (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 14 тамызда № 13-14-48 болып тіркелді).
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Шал ақын ауданының Городецк, Ступин және Юбилейный селолық округтерінің зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп карантиндік аумақ орнату туралы» 2006 жылғы 1 тамыздағы № 181 қаулысы (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 13-14-35 болып тіркелді).
- Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 298 қаулысы (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 19 қазанда № 13-14-16 болып тіркелді).
- Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы әкімінің «Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекеме-әкімшіліктердің сұрақтары» туралы 1999 жылғы 1 наурыздағы № 28 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 3 мамырда № 74 тіркелінді).