|
р/б |
Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші атқарушы органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағы, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысы сәйкес. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және онын қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жоспарланған төлемді жүзеге асыру үшін 2025 жылға арналған бюджетті бекіткен кезде қаражат бөлінетін болады.
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) озге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ыкпалы |
Болжам жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мақсаты - Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу. Мерзімі - жобаны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу көзделеді. |
|
6 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Қабылданбады |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік қуқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Жоқ
|
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылы 13 қыркүйек орналастырылған және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2024 жылы 13 қыркүйек жарияланған |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік қуқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің сайтында баспасөз релизі бар |
|
10 |
Нормативтік қуқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Сәйкес келеді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайту көзделмеген |
Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысының м.а. С. Әбжанова