Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/1 «2024-2026 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына Пресс-релиз.

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының          1-тармағы 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелердің міндеттерін жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету, және аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

 

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15149463

 

 

Экономика және қаржы                                               Е.П.Андреева

бөлім басшысы

Дата публикации
16 августа 2024