СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебін жария талқылау туралы Хаттама

СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебін жария талқылау туралы Хаттама

 

«05» ақпан 2024 жыл                                                                                          Сергеевка қ.               

                                         

Төрағалық етті: Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы Итқұлова З. Ш.

Қатысты: ауылдық округтер мен аудандық бөлімдердің әкімдері мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі»

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы Т. Б. Әужанов баяндама жасады.

Есеп нәтижелері бойынша қатысушылардан сұрақтар түскен жоқ.

Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

Жергілікті атқарушы органдардың мамандары шаралар қабылдасын:

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бекітілген стандарттар мен қағидаларды және оларға енгізілген өзгерістерді зерделеу.

Мерзімі: тұрақты

- стандарттар мен қағидаларға сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтарға жол бермеу.

Мерзімі: тұрақты

- ішкі бақылау бойынша есептерді қалыптастыру кезінде Талдамалық анықтамада электрондық қызметтер үлесінің өсуіне бағытталған жүргізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына халықты қамту саны көрсетілген сілтемелер көрсетілсін;

Мерзімі: тұрақты

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ішкі бақылау қызметіне жауапты лауазымды адамдардың еңбек демалысында, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша болуы, оларды алмастыратын адамдарды бақылауды жүзеге асыру үшін іссапарда болуы және            «Е-лицензиялау» МББ АЖ-дағы рөлдерінің өзгеруі туралы алдын ала хабарлау.

Мерзімі: тұрақты

 

 

          Шал ақын ауданы әкімінің

                 аппарат басшысы                                                                       З.Итқұлова

 

 

 

 

 

 

 

$Т.Әужанов

' 87153420190

СҚО Шал ақын ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебін жария талқылау туралы Хаттама
Дата публикации
05 февраля 2024