Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/1
«2023-2025 жылдарға арналған
Шал ақын ауданының бюджетін
бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
шешім жобасына Пресс-релиз.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 1-тармағы 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелердің міндеттерін жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету, және аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14808281
Экономика және қаржы Е.П.Андреева
бөлім басшысы