Шал ақын ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Шал ақын ауданында сайлау тағайындалсын:

- Аютас ауылдық округінің әкімі;

- Жаңажол ауылдық округінің әкімі;

- Кривощеков ауылдық округінің әкімі;

- Приишим ауылдық округінің әкімі;

- Сухорабов ауылдық округінің әкімі.     

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шал ақын ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Шал ақын ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Парыз» және «Новатор» газеттерінде жариялансын.

 

Аудындық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж. Еңсегенов

 

 

Сергеевка қаласы

2021 жылы 25 маусым

№ 20/02

О назначении выборов акимов сельских округов района Шал акына
Дата публикации
26 июня 2021