2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының,Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысыныңнегізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13- бабына, 14- бабының  2) тармақшасына сәйкес Шал ақын аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз етсін.
  2. Аумақтық сайлау комиссиясы округтік және учаскелік сайлау комиссияларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау науқанын өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Шал ақын ауданының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары оның орналасқан жерлері көрсетіле отырып, 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

 комиссиясының төрағасы                                             Қ.Сәрсенбаев

 

 

Сергеевка қ.

2026 жылғы13 қазан

 № 34/01

 

 

Дата публикации
15 октября 2026